19 Наурыз, 2015

Көліктегі ішкі істер департаментінің басшы тағайындалды

429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMMАСТАНА. 19 наурыз. Ішкі істер министрі Құлмұханбет Қасымовтың бұйрығымен көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы болып полиция полковнигі Ержан Сапарбекұлы Саденов тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Ержан Сәденовті Көліктегі ІІД-нің жеке құрамына Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Ганұлы Демеуов таныстырды. Ол бұған дейін Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде басшылық қызметте істеген. Сондай-ақ Маңғысау облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарған. Кейінгі жылдары ІІМ аппаратында қызмет еткен. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».