19 Наурыз, 2015

Ертең Қазақстан тұрғындары Күннің тұтылуын көреді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-03-15-zatmenie

АСТАНА. 19 наурыз. Ертең еліміздің тұрғындары Күннің тұтылуын көре алады. Ол, әсіресе, солтүстік тарапқа айқынырақ көрінеді. Онда Ай Күннің бетін жартылай жабады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, «Солтүстікке жақын болған сайын күннің тұтылуы айқынырақ көріне түседі», деп отыр астрономдар. Айталық, Қостанай өңірінде сағат 15:40-та күннің тұтылуы басталып, 17:42-де аяқталады. Алматылықтар, айтқандай, мұндай тосын құбылысты тіпті де байқамайды десе де болады. Бұл жақта Ай Күннің бетін бар болғаны 8 пайызға жабады. Астрономия профессоры Виктор Тейфельдің айтуынша, толық жабу Солтүстік Мұзды мұхит аумағында ғана болады. Одан бері қарай Күннің беті біртіндеп ашыла береді. Осылайша Қарағандыда ол 30 пайызды, Қостанайда 39 пайызды құрайды. Астана қаласындағы көрсеткіш те 30 пайыздың маңайында болады. Мұрат Айтқожа.