19 Наурыз, 2015

Шығыс Қазақстанда басқарма басшысы тағайындалды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
342554051АСТАНА. 19 наурыз. Шығыс Қазақстан өңірінің әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып Қуат Тумабаев тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Қ.Тумабаев 1980 жылдың 30 қазанында Семей қаласында туған. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін 2001 жылы «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша, ал 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылы «Альянс банк» АҚ-ның (Алматы қаласы) несиелік бөлімінің маманы ретінде бастаған. 2002-2003 жылдары Семей қаласындағы «Қазполиграф» АҚ-ның қаржы-экономикалық талдау бөлімінің маманы, 2005 жылдың сәуір айына бастап - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мемлекеттік алыс-беріс және несиелендіруді жоспарлау департаментіндегі үкіметтік алыс-беріс саясаты бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған. Ал 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат және жоспарлау департаментіндегі бюджеттік инвестицияларды жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, 2006 жылдың қыркүйегінен бастап басқарма бастығы болып жұмыс істеген. 2008 жылдан бастап Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары қызметіне ауыстырылды. 2011 жылы Экономикалық даму және сауда министрлігінің аймақтық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2012 жылдың сәуір айынан бастап Экономикалық даму және сауда министрлігі инвестициялық саясат департаментінің директоры болған. 2014 жылдың сәуір айынан бері Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеген. Жолдыбай Базар. Дерек: «ҚазАқпарат». Сурет: inmsk.ru.