19 Наурыз, 2015

Қазақстанның балғын футболшылары Бразилияға аттанады

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-03-15-footmall-1

АСТАНА. 19 наурыз. Бүгін Алматыда Қазақстанның бір топ балғын футболшыларын Бразилия академиясында оқуға шығарып салу рәсімі болды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. Ертең, 20 наурыз күні еліміздің 2000 жылы туған 26 балғын футболшылары Бразилияның «Крузейро» командасына аттанады. Олар осы елде 3 жыл футбол ойынының қыр-сырын меңгеріп, маман футболшы ретінде елге оралады деп күтілуде. Балалар ұзақ жолға аттанар алдында Алматыға Бразилия академиясының вице-президенті мен өкілі келді. Балалардың жол жүрулеріне арналған салтанатты шараның барысында меймандар Бразилиядағы футбол академиясы туралы айтып берді. «Біздің академияда үш жыл оқығаннан кейін олардың көңілдерінде өте жақсы әсер қалады. Олар үш жылда ересек адам, кәсіби футболшы болып оралады. Сіздер нағыз еркек болып қайтасыздар. Бәлкім, араларыңыздан ұлы футболшы да шығатын шығар», - деді «Крузейро» футбол клубы академиясының вице-президенті Родригес Сильва. Футболшыларға Қазақстан футболының өкілдері де тілек білдірді. «Сіздер – Қазақстан футболының үміті мен болашағысыздар. Бүгін келешектегі кәсіби футболға алғаш рет қадам жасағалы отырсыздар. Қазақстан футбол федерациясының атынан сіздерді осы бастамаларыңызбен құттықтағым келеді. Бразилия академиясында оқу – үлкен мүмкіндіктердің бастауы. Мен келешек сіздердің бәріңізді премьер-лигадан көреміз деген үміттемін», - деді федерация вице-президенті Сейілда Байшақов. Дамир Қожамқұл.