19 Наурыз, 2015

«Қайрат» бразилиялық футболшымен шартқа отырды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-03-15-junior-1

АСТАНА. 19 наурыз. Алматының «Қайрат» футбол клубы бразилиялық форвард Сержио Рикардо дос Сантос Жуниормен үш жылға келісімшартқа отырды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. Мұны өзінің Твиттеріне Алматы клубы қамқоршылар кеңісінің төрағасы Қайрат Боранбаев жазды. Бұрын «Палмейрас» командасында ойнаған ойыншы «Қайрат» сапында 22-ші нөмірмен өнер көрсетеді. Дамир Қожамқұл. Дерек, сурет: Sports.kz.