
Жаңа қылмыс түрлері және жауапкершілікті күшейту
Заңда жеке бас қауіпсіздігін қорғауға, әсіресе әйелдер мен әлсіз топтардың құқығын сақтауға басымдық берілген. Осы орайда мынадай жаңа нормалар қабылданды:
-
Сталкингке (қудалау) қатысты жаңа қылмыс құрамы енгізілді. Егер адам өз еркіне қарсы қудаланса, заң бұзушыға 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық/түзету жұмыстары немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
-
Адам ұрлау жөніндегі 125-баптағы "ерікті түрде босатылса – жауапкершіліктен босатылады" деген ереже алынып тасталды. Енді мұндай әрекет үшін жауапкершілік міндетті түрде қарастырылады.
-
Неке құруға мәжбүрлеу туралы 125-1-бап енгізілді. Бұл бапта зорлық-зомбылықпен немесе материалдық тәуелділікті пайдалана отырып, некеге итермелеу үшін үш түрлі деңгейде (жеңіл, ауырлатылған және ауыр зардапқа әкелген) жаза көзделген. Ең ауыр жағдайда кінәлі тұлға 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дропперлікке нақты тосқауыл
Цифрлық кеңістікте алаяқтық көбейіп отырған заманда заң интернет-қылмыстарға қарсы нақты шаралар қабылдады.
Дропперлік – үшінші тұлғалардың атынан банктік шот ашып, алаяқтыққа көмектесу – енді қылмыстық жауапкершілікке жатады. Мұндай әрекет үшін 160 АЕК-тен 5000 АЕК-ке дейінгі айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сонымен қатар:
-
заңсыз төлем жасау, ақша аудару;
-
бөтен адамның деректерін өз пайдасына қолдану;
-
материалдық сыйақы алу арқылы дропперлікпен айналысу – ауырлататын мән-жайлар ретінде қаралады.
Ал егер адам алғаш рет осындай әрекетке барып, өз еркімен құқық қорғау органдарына хабарласып, тергеуге көмектессе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.
Айта кету керек, жұбайының немесе жақын туысының картасын пайдалану заңды болып есептеледі.
Қылмыстың жаңа құрамдары мен құқықтық олқылықтарды жою
Жаңа заң қазіргі қоғамдағы қауіп-қатерлерге жауап бере отырып, мынадай жаңа баптар мен жауапкершіліктер енгізді:
-
Коллекторлардың өкілетін асыра пайдалануына байланысты жауапкершілік белгіленді. Бұл қадам азаматтарды заңсыз қысымнан қорғауға бағытталған.
-
Әуе көлігін басқаруға кедергі келтіру – транспорттық қауіпсіздік үшін қылмыс ретінде бекітілді.
-
Вейп пен темекі өнімдерінің заңсыз айналымы – қылмыстық жауапкершілікке жатады.
-
Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктердің бөліктері мен туындыларын заңсыз айналымға енгізу – 339-1-баппен реттеледі.
-
Адвокаттардың кәсіби құқығын қорғау күшейтілді. Бұған дейін заңда адвокаттарға қатысты құқықтық кепілдіктер жеткіліксіз болған.
Қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын күшейту
Сот төрелігі саласындағы өзгерістер азаматтардың заң алдындағы тең құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Енді:
-
Свидетель, имеющий право на защиту ұғымы енгізілді. Мұндай куәгер қорғану құқығына ие болады, ал тергеуші оған адвокат шақыруға көмектесуі тиіс.
-
Адвокаттың міндетті қатысуы және оның өкілеттігі нақты жазылды.
-
Куәгердің мәртебесі өзгеріп, ол күдіктіге айналған жағдайда, құқықтары алдын ала түсіндіріліп, заң шеңберінде қорғалады.
Жаза атқару жүйесі мен сотталғандар құқығын жақсарту
Қылмыстық-атқару жүйесінде де маңызды жаңашылдықтар енгізілді:
-
Қылмыстық теріс қылық жасағандар тергеу изоляторында емес, арнайы қабылдау орындарында ұсталады. Бұл оларды ауыр қылмыскерлерден оқшаулап, әлеуметтік оңалтуға жол ашады.
-
Байланыс операторлары колонияларда байланыс құралдарын ажыратуға міндетті. Сонымен қатар, дрондардың ұшуына да шектеу қойылады.
-
Пробациялық бақылау – өмір бойына сотталған адам мерзімінен бұрын босатылған жағдайда, оған электронды бақылау құралдары қолданылады.
-
Некені бұзу жеңілдетілді: Егер жұбайы халықаралық іздеуде болса және үш жылдан астам уақыт хабарсыз кеткен болса, кәмелетке толмаған балалары бар-жоғына қарамастан, неке бұзуға рұқсат беріледі.