
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, Қазақстанның негізін қалаушы көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азиядағы ең бай елдегі отыз жылдық билігін аяқтаған тәртіпсіздіктерден кейін референдумда қазақстандықтардың басым көпшілігі конституциялық өзгерістерді қолдап дауыс берді. «Референдум өтті деп санауға болады», деді дүйсенбі күні Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров. Сайлаушылардың 77 пайызы шешімді қолдағанын көрсеткен алдын ала нәтижелерге сілтеме жасаған ол жексенбі күнгі референдумға сайлаушылардың 68 пайыздан астамы қатысқанын хабарлады.
69 жастағы Тоқаев кезектен тыс референдумды «суперпрезиденттік» басқарудан шығу деп атады. Заңдағы ең көрнекті өзгеріс – 81 жастағы Назарбаев үшін ерекше артықшылықтардың жоқтығы болып отыр. Айтып өтсек, Назарбаев президенттік қызметінен кеткеннен кейін де «Елбасы» немесе «Ұлт көшбасшысы» деген конституциялық атағын сақтап қалды, бұл рөл оның ресми лауазымына қарамастан саясатты қалыптастыруға ықпал етті. Ал жаңа Конституция бұл мәртебені жояды. Тағы бір түзету президенттің туыстарының мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салады.
Еске салсақ, жаңа жылдағы газ бағасының қымбаттауына байланысты наразылықтар мұнай өндіруші батыста басталды, бірақ қарулы қақтығыстар, тонау мен өртеу Алматы қаласында болды. 2019 жылға дейін Астана деп аталып келген Нұр-Сұлтан қаласында келеңсіздіктер болған жоқ.