19 Наурыз, 2013

Жол жаңартқан жобалар

251 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Жол жаңартқан жобалар

Сейсенбі, 19 наурыз 2013 1:40

Облыс аудандары арасындағы рейтинг бойынша әрдайым алдыңғы саптан көрініп жүретін ұлы ақын атындағы өңір қоғамдық өмірдің де, шаруашылықтың қай жағынан болсын да өнегелі істерімен танымал. Дамуға қарқын қосқан бірқатар жаңашыл бастамалар, алдағы міндеттерге негіз қалаған ірі жобалар осы аймақта пайда болып, өзгелерге үлгі тұтылып қосталып жатады. Жалпы алғанда егін, көкөніс және мал шаруашылығы басты сала саналатын ауданда оң өзгерістер бағыты соған түзелген. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асыру алға қойылған жаңа жобалардың мақсат-міндеті де сол.

 

Сейсенбі, 19 наурыз 2013 1:40

Облыс аудандары арасындағы рейтинг бойынша әрдайым алдыңғы саптан көрініп жүретін ұлы ақын атындағы өңір қоғамдық өмірдің де, шаруашылықтың қай жағынан болсын да өнегелі істерімен танымал. Дамуға қарқын қосқан бірқатар жаңашыл бастамалар, алдағы міндеттерге негіз қалаған ірі жобалар осы аймақта пайда болып, өзгелерге үлгі тұтылып қосталып жатады. Жалпы алғанда егін, көкөніс және мал шаруашылығы басты сала саналатын ауданда оң өзгерістер бағыты соған түзелген. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асыру алға қойылған жаңа жобалардың мақсат-міндеті де сол.

Айта кету керек, өңір келе­шегіне байланысты өміршең жо­балардың ең таңдаулысын іріктеп, ұтымдысын тауып ұсына білуге талапшылдық осы ауданға тән үрдіс. Биыл облыстық индустрия­ландыру картасына 6 бірдей жобаның енгізілуі соның нақты айғағы. Бірдей деуіміздің себебі, облыста осынша жоба жолын болдыруға бел буған бірден-бір өңір осы.
Сонда бұлардың ерекшелігі неде десек, қай-қайсысы да аймақ экономикасының ертеңгі тынысын тыңнан серпілтуге, қолдағы мүмкіндік құлашын кеңейтуге, қалыптасқан үрдісті үйлесімді жаңғыртуға негізделген. Мәселен, көкөніс, картоп өсірумен атақ­ты Көксудағы «Шанс» шаруа қожа­лығы енді онымен бірге жылқы түлігін өрбітуді мықтап қолға алуды бастады. Оның тұқымын асылдандыру арқылы, әсіресе, еттік түрі түлетіледі. Қымыз өндіруге де ден қойылады. Келесі жылы жалпы саны 1 мыңға жетеді. Қарағанды, Абай, Теміртау, Шах­тинск қалаларынан алыс емес шаруашылықтың көздегені олардың тұрғындарына семіз соғым дайындап тұрумен қоса, сондай-ақ, одан ұлттық үрдісте жасалатын қазы, шұжықты брендтік тағамға айналдыру, экспортқа шығару болып табылады.
Көксу демекші, осы ауыл кәсіп­керлерінің тағы бір ынташылдары, атап айтқанда, « Астро-Агро» ЖШС еттік-сүттік бағыттағы тауарлы фер­масын құруға кірісті. Мұнда «Әулиекөл», қазақтың ақбас сиыры секілді асыл тұқымды малдардың 600 қарасы бағылып-күтіледі. Жазда өз аяғынан еркін жайылатын, қыста жайлы қораларда ұсталатын, құнарлы жемшөп қоңдылығын сақтайтын ферманың жұмысын ұйымдастыру, еңбек жағдайын үйлестіру дамыған елдердің осы тектес құрылымдарынан кем соқ­пайтын болады. Ал Топар кентінде қысы-жазы үзілмей көкөністің үлкен сұранымға түр-түрі өсірі­летін жылыжай өнімдері осы көктем басынан тұтынушыларға жетіп жатыр. Алу да қиын емес, арнаулы дүкендерде сатылады. Сырт жерлерден жеткізілетіндерден гөрі топарлықтардың көкөністері сөрелерде көп тұрмайды.
Облысты картоп, қияр, сә­біз, тағы басқа көкөністермен қамта­масыз ете алатын аудан дәнді да­қылдардың баламалы түрлерін өсіруді көбейтуге де басымдық беріп отыр. Соның ішінде бұршақ, майлы, өсімдіктер, көп жылдық шөптер көлемі биыл екі есеге ұл­ғайтылады. Мәселен, «Татуин» ЖШС өңірде алғашқылардың бірі болып зығыр өсіруге біржола бет бұрды. Аталған жобаларды іске асыруға 400-ге тарта жаңа жұмыс күші тартылады.
Алдымен картоп өсіру жағынан атағы алысқа аян ауданда бұл өнімнің вирус жұқтырмайтын тұқымын қалыптастыру бойынша ауыл шаруашылығы ғылым­дарының докторы, профессор Геннадий Лидің жетекшілігімен жүргізілген селекциялық жұмыстар өз нәтижесін берді. Бұған дейін Голландия тұқымын отырғызып келген жергілікті картопшылар бұдан былай қарай оған қол жаймай төл тұқымға қолдануға көшетін болды.
Бұл күнде Шерубай-Нұра, Есен, Нұра өзендері бойындағы топырағы құнарлы, шөбі шүйгін бұл аймақтың сай-саласы суға толып, жер нәрлене түсуде. Жергілікті еңбеккерлер береке көзін барынша ұқсатып қалуға ұмтылуда.

Айқын НЕСІПБАЙ, 
«Егемен Қазақстан».

Қарағанды облысы,
Абай ауданы.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45