19 Наурыз, 2013

«Бұлт» туралы не білесіз?

988 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

«Бұлт» туралы не білесіз?

Сейсенбі, 19 наурыз 2013 1:29

Инновацияны игерсек игі

Қазір ақпараттық технология­ның дамыған заманы. Қолы қал­тылдаған қарттың өзі ұялы теле­фоннан смс оқиды, бала ин­терактивті тақтадан білім алып, сәбидің өзі айфон, айпаттан ойын қарап, сенсорлық экранды шұқиды. Басында батылсыздау болғанымен, қазір қазекем де қандай инновацияны болмасын игеріп жатыр. Бұрын фантастикалық шығармаларда ғана кезігетін ғажайып дүниелер бүгінде қалыпты жағдайға айналды.

Сейсенбі, 19 наурыз 2013 1:29

Инновацияны игерсек игі

Қазір ақпараттық технология­ның дамыған заманы. Қолы қал­тылдаған қарттың өзі ұялы теле­фоннан смс оқиды, бала ин­терактивті тақтадан білім алып, сәбидің өзі айфон, айпаттан ойын қарап, сенсорлық экранды шұқиды. Басында батылсыздау болғанымен, қазір қазекем де қандай инновацияны болмасын игеріп жатыр. Бұрын фантастикалық шығармаларда ғана кезігетін ғажайып дүниелер бүгінде қалыпты жағдайға айналды. Мәселен, Алматыда отырып-ақ Астанада өтіп жатқан жиналысқа қатысып, баяндама оқу, мыңдаған жазушының бәленбай кітабын қолындағы кішкентай ғана бір түйір заттың ішіне салып алу дегендермен қазір таңдай қақтыру мүмкін емес. Ақпараттық технологияның арқасында алыстағы ағайынмен күнде көрісіп, бір үйде отырған­дай әңгіме айту бұрыннан қа­лып­тасқан тірліктей, ешкім таңдан­байды. Ал енді біраз жылдардан соң кәсіпорындардың құжат айналымы қағаз күйінде болмауы мүмкін десе қайтерсіз… Себебі, қағаз орнына қазір электронды құжат айналымы қолданысқа еніп жатыр.

Бұрын іс-қағаздарын электронды жүйеге көшіру керек дегенде, көз алдымызға құжатты компьютерге теру немесе оны электронды пошта арқылы лезде қажетті жеріне жіберу сияқты шаруалар көз алдымызға келетін. Енді «бұлт» деген ұғымнан да хабардар болдық. Әрине, бұрын «бұлт» дегенді естуіңіз бар шығар? Жоға, бұл аспандағы кәдімгі бұлт емес. Ақпарат сақтаудың, алмасудың жаңа жүйесі «бұлтты сервис» жайында айтып отырмын…
Бұлтты сервис дегеніміз, интернет арқылы жүзеге асатын дүние. Біз бүгінде қандай да бір құжатты жасау үшін компьютерге түрлі бағдарламалар орнатып, қажетті құжаттарды сақтау үшін қатты диск жадысын қолданып, сондай-ақ, құжаттарды кез келген жерде пайдалану үшін флешка, CD немесе DVD құрылғыларын пайдаланып жүрміз. Ал бір күні компьютер сынып, не болмаса флешкамыз жоғалып қалса, біраз маңызды құжаттан айырылып қалып жататынымыз да рас. Ал бұлтты сервис дегеніңіз, қарапайым тілмен айтсақ, ешқашан жоғалмайтын және жадысы шексіз, қалтаңа салып, қолыңа ұстап жүрмейтін бүкіл керек ақпаратыңды бір жерге сақтап және оны қасыңдағы адамдармен бөлісуге мүмкіндік беретін интернеттегі қызмет түрі екен.
Бұлтты сервисті құжат айналымына пайдалану бүгінде әлемнің біраз елдерінде қолданысқа еніп үлгерді. Соның қатарында біздің ел де бар. Мәселен, елімізде қазіргі таңның өзінде үш-төрт бұлтты сервис порталы жасалып, іске қосылды. Солардың бірі өткен жылдың соңында іске қосылған «Documents.kz» сервисі. Бұлтты сервис арқылы электронды құжат айналымын құруға мүмкіндік беретін «Documents.kz» еліміздегі инновациялық жетістіктердің бірі. Оны өзіміздің жастар бір жылдан астам уақыт ішінде тынымсыз еңбектің арқасында жасап шығарды дейді «Documents.kz» порталының атқарушы директоры Сергей Волков. Ал қазір бұл жүйе өз қызметін кәсіпкерлерге тегін ұсынып отыр. Себебі, елдегі бұлтты сервистің қолданысын кеңейтудің бірден-бір жолы алдымен сол жүйені тұтынушылар қатарын көбейту, «дәмін татқызып» маңыздылығын түсіндіру дейді «Documents.kz»-тің авторлары.
Иә, қазір заманауи үрдіс пен өркениет көшінің көлігі жүрдек. Ал әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына қосылуды мақсат еткен Қазақстан бұл инновациялық дамудан қалыс қалмақ емес. Бүгінгі таңда елімізде қоғамның барлық саласында ақпараттандыру үрдісі қызу жүруде. Оған бір мысал «электронды үкімет» жүйесінің құрылуы болатын. Ал осы «электронды үкіметті» қолдап, жандандыра түсудің басты бағыты бұлтты сервисті жандандыру.
Елімізде 2004 жылғы 10 қарашада Президент Жарлығымен электронды үкіметті ендіру туралы мемлекеттік бағдарлама бекітіліп, Е-үкіметті қалыптастыру және дамыту үшін 4 кезең таңдап алынды. Сөйтіп, бағдарламаны іске асыру кезең-кезеңмен жүзеге асырыла бастады. Бағдарлама 2005 жылы іске қосылып, екі жыл ішінде «электронды үкіметтің» инфрақұрылымы қалыптасты. Ал 2007 жылы бүкіл ел бойынша бірыңғай тізілімге біріктірілген жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры тұрақты пайдалануға беріліп, мемлекеттік органдардың 20 интерактивтік қызметтері іске асырылды. Дәл осы жылы электронды үкіметті дамыту мақсатында 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Бағдарлама толы­ғы­мен орындалмағанымен, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге аздап болса да мүмкіндік берді. Өңірлерде де электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі ендірілді.
Электронды құжат айналымы бұлтты технологияның көмегіне жүгінеді. Ендеше, «Documents.kz» сынды жаңа инновацияның жасалуы елімізде осы бағытты дамытудың маңызды қадамы.
Сонымен, «Documents.kz» бұлтты сервис порталының қан­дай кереметтігі бар? Біріншіден, «Documents.kz» арқылы еліміз­дің іскер азаматтары интернет ресурстардан лицензиялық бағ­дарламаларды алмай-ақ түрлі қыз­меттерге қол жеткізе алады. Екіншіден, кәсіпорынның іш­кі бизнес-процестерін құжат­тан­дыруды автоматтандыру. Үшіншіден, кәсіпорынның құры­лымдық бөлімшелерінің арасында айқын өзара қарым-қатынас орнату. Төртіншіден, құжаттарды із­дестіруге және редакциялауға жұм­салатын уақытты, еңбек кү­шін айтарлықтай азайту. Бесін­шіден, қағазды үнемдеу, құжат­тарды сақтауға және өңдеуге арналған шығыстарды азайту, пошталық шығындарды қыс­қарту, тағы басқалар.
Бұл негізінен кәсіпорындарда бірлескен жұмысты ұйымдас­ты­руға арналған жүйе. Осылайша, ұйым жұмысының өнімділігін арттыру мәселесі шешіледі. Қызметкерлердің бірлескен жұмысының барлық түрлерін, яғни ақпаратты сақтау және іздеу, тайм-менеджмент, тапсырмаларды есепке алу және бақылау, құжат айналымы мен бизнес-процестер, жобаларды басқару және стратегиялық жос­парлауды қамтиды. Мұндай мүмкіндіктердің барлығы ыңғайлы әрі бір ғана өнім ішінде қолжетімді болып табылады.
«Documents.kz» – жүз пайыз қазақстандық өнім. Оның қыз­меті «Қазақтелеком» АҚ-тың дата-орталықтарының негі­зінде жүзеге асады. Сондай-ақ, Үкіметтің Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құ­жаттама жасаудың және құжат­таманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы­ қаулысының (№1570. 2011 жылғы 21 желтоқсан) талаптарына сәйкестелген.
Елімізде жасалған бұлтты сервистердің ішінен «Documents.kz»-ті бөле-жара айтып отырғанымыздың бір себебі бұл сервис бүгінде шағын және орта кәсіп иелері үшін үлкен жеңілдік жасап отыр. Яғни тұтынам деушілерге тегін қызмет көрсетуге дайын. Сервистің атқарушы директоры Сергей Волковтың айтуынша, тіпті, қалай қолдану керектігін үйрету, оқыту да тегін. Тегін десе тіксіне қарау санамызға сіңіп қалған біз, әрине, оған сенімсіздікпен сескеніп те қарағанымыз рас. Бұл ретте С.Волков дәл осы салада бұдан әрі жұмыс істеу үшін алдымен тегін үйретіп, тегін түсіндіру жұмыстарын қолға алмаса, бұл бұлтты сервис кеңістігіне кең қанат жаю мүмкін еместігін түсіндірді. Яғни бұл компанияның бұдан әрі дамуы үшін болашақта оның мол тұтынушысы да болуы тиіс.
Ең бастысы, бұл инновациялық идеядан туындаған ғажайып сервис елімізде бар. Ал оны қолдану кәсіпкерлердің таңдауында.

Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».