20 Наурыз, 2013

Әлем жаңалықтары

289 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Әлем жаңалықтары

Сәрсенбі, 20 наурыз 2013 1:45

Шарайна

Өтпелі үкімет басшысы сайланды

Ыстамбұлда Сириялық оппозициялық ұлттық коалиция өтпелі үкіметтің премьер-министрін сайлады. Ол қызметке 49 дауыстан 35 дауыс алған исламдық белсенді Хасан Хитто сайланды.
Хитто бірнеше ондаған жылдардан бері өзі білім алған АҚШ-та тұрады.

Сәрсенбі, 20 наурыз 2013 1:45

Шарайна

Өтпелі үкімет басшысы сайланды

Ыстамбұлда Сириялық оппозициялық ұлттық коалиция өтпелі үкіметтің премьер-министрін сайлады. Ол қызметке 49 дауыстан 35 дауыс алған исламдық белсенді Хасан Хитто сайланды.
Хитто бірнеше ондаған жылдардан бері өзі білім алған АҚШ-та тұрады. 2012 жылдың қарашасында ол оппозиция бақылауындағы аумақтардағы тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету үшін Техастан Түркияға келген болатын. Хитто оппозиция игілігі үшін қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысады. Ол АҚШ-та Асад режіміне қарсыластарды қолдау тобын ұйымдастырды, деп атап көрсеткен Сирия ұлттық кеңесінің өкілі Махмуд әл-Хамза.

«Фукусима» қыза бастады

Жапонияның «Фукусима-1» атом электр стансасының үш энергоблогында бір мезгілде электрмен жабдықтауда проблемалар пайда болды. Қуат көзінен ажырату ядролық отынның қалдығына арналған бассейнді суыту жүйесінің тоқтап қалуына апарып соқтырған.
«Фукусима-1» стансасында жұмыс істейтін инженерлердің орын алған ақауды қалпына келтіруге дәл төрт күн уақыттары бар. Осы мерзім өткеннен кейін ең ыстық бассейндегі температура қауіпті шекке жетіп, ахуал барынша шиеленісе түседі. Әзірге, мамандардың мәліметтері бойынша, +30,5 градус температура тіркелген, ал қауіпті мөлшер +65 градус болып табылады. Алдын ала жасалған болжам бойынша, ақауға АЭС-тің қуат тарату құрылғысында орын алған апат себеп болған.

Қаза тапқандар саны өсе түсуде

Ирактың астанасы Бағдадта сейсенбі күні болған жарылыс­тар мен содырлар шабуылы салдарынан қаза тапқандар саны елу алты адамға жетіп, екі жүз адам дене жарақаттарын алған.
Бұған дейін автомобильге салынған жарылғыш заттың жарылуы салдарынан және елдің шииттер тұратын ауданына жасалған шабуылдан Бағдадта жиырма екі адам қаза тауып, елуден астам адам зардап шекті, деп хабарланған болатын. Соңғы бірнеше сағаттарда содырлар тағы да бірнеше шабуылдар жасап, оның соңы жаңа құрбандықтарға соқтырған. Әзірге жасалған терактілер үшін жауапкершілікті ешкім өз мойындарына алмай отыр.

Каприлес Кубаға мұнай беруден бас тартпақ

Венесуэла президенттігіне оппозициядан кандидат Энрике Каприлес егер өзі президент лауазымына сайланар болса, Кубаға мұнай жеткізіп беруді тоқтататынын мәлімдеді.
Кубаға  мұнайды жеңілдікті бағамен сату Венесуэлаға ешқандай пайда әкелмейді. Егер мен президент болып сайлана қалсам Кастро үкіметі бізден бір тамшы да мұнай алмайтын болады, деп атап көрсеткен ол. Айта кету керек, Уго Чавес үкіметі Кубаға мұнайды жеңілдікті бағамен жеткізіп келген болатын, ал Чавестің ізбасары Николас Мадуро бұған дейін өзінің осы саясатты одан әрі жалғастыратынын хабарлаған. Елдегі президент сайлауы 2013 жылдың 14 сәуірінде өтеді.

Қытай Ұлыбританияны басып озды

Қытай Ұлыбританияны басып озып, әлемдік аренада қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізіп беруде бесінші елге айналды. Қытай экспортының артуы соңғы жиырма жылда алғаш рет орын алып отыр.
Бүгінде Аспан асты елінің үлесіне рыноктың тек 5 пайызы ғана тиеді, ал лидерлер саналатын АҚШ пен Ресей рейтінгі тиісінше 36 және 26 пайыздан. Сонымен бірге 2008 жыл мен 2012 жыл аралығында Қытай экспорты бұған дейінгі бесжылдықтың көрсеткішімен салыстырғанда 162 пайызға өсті. Стокгольм әлемдік проблемаларды зерттеу институтының  зерттеуі бойынша, Қытай техникасы мен қару-жарағын сатып алушы негізгі ел Пәкстан болып отыр.

КЖП түрік армиясымен бітімге келмек

Түркиядағы неғұрлым ықпалды курд партиясы болып табылатын Түркияның Бейбітшілік пен демократия партиясының делегациясы өткен дүйсенбі күні Курд жұмысшы партиясының тұтқындағы көсемі Абдулла Оджаланмен келіссөздер жүргізген.
Оджалан үстіміздегі жылдың 21 наурызында Курд жұмысшы партиясының үкімет әскерімен арада ресми түрде бітім жариялайтынын мәлімдеген. Айта кету керек, КЖП 1979 жылы  құрылған. Ол қарулы жолмен Түркия мен Ирактың шекарасындағы курдтер жинақы орналасқан ауданында тәуелсіз мемлекет құруға ұмтылады. Қазіргі уақытта осы ұйымның негізінен Иракта тұратын қаруланған мүшелері  Түркия аумағына өтіп террорлық актілер ұйымдастырып тұрады.

ҚХР төрағасы алғашқы сапарын Ресейге жасамақ

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин өзінің алғашқы ресми сапарын Ресейге жасамақ.
ҚХР төрағалығына  сайланғаннан кейін өзінің алғашқы шетелдік сапарын Ресейге жасауы Ресей-Қытай қарым-қатынастарының айрықша сипатын білдіреді. Оны Қытай мен Ресей басшыларының жоғары назар аударуы да көрсетіп отыр, деп атап көрсеткен баспасөз мәслихатында ҚХР сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин. Сапар бағдарламасы өте тығыз. ҚХР төрағасының қатысуымен жиырмаға жуық іс – шара өтіп, ол таңертеңнен кешке дейін жалғаспақ. Сөз орайында ҚХР төрағасының Ресейге сапарының 22-24 наурызға жоспарланып отырғанын да айта кету керек.

23 жылдан соң ашылған қылмыс

Федералдық тергеу бюросының қызметкерлері 1990 жылы Бостондағы жеке меншік көркемсурет галереясын тонап кеткен қылмыскерлердің ықтимал деген ізіне түскен.
1990 жылдың 18 наурызында полицей киімін киген екі ер адам Изабелла Стюарт Гарднердің музейіне кіріп әлемге танымал суретшілер – Клод Моненің, Рембрандтың, Ян Вермеердің, Эдгар Деганың он үш полотносын ұрлап кеткен. Осылайша. БАҚ-тың мәлімдеуінше, қылмыскерлер галереяға 500 миллион доллар шығын келтірген. ФТБ қызметкерлері тонаушылар есімдерінің кім екенін анықтаған. Бірақ әзірге ұрланған картиналардың қайда жасырылғаны белгісіз болып отыр.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45