«Есіл» ауданының прокуратурасы елорданың сол жағалауындағы сауда, ойын-сауық орталықтарында биылғы жылдың 8 айында жасалған ұрлықтарға сараптама жасады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «Есіл» ауданының аумағында 5 ірі сауда, ойын-сауық орталығы орналасқан. Олар: «Хан Шатыр», «Азия парк», «Керуен», «Мега Астана», «Сарыарқа».
Адамдар өте көп баратын мұндай орындар қылмыстық қоғамдастық өкілдері үшін оңай олжа болып табылады. Осы 5 орталықта биылғы жылдың 8 айында 320 қылмыс жасалған (2015 жылы - 411).
Олардың арасында «Хан Шатыр» СОО-да 137 (2015ж -147), олардың 32-сі аяқталған. «Мега» ССО -да 52 ұрлық жасалған (2015 ж 71) оның 8-і аяқталған. «Сарыарқа» - 24 ұрлық (2015ж -23) оның 3-уі аяқталған, «Азия парк» - 37 ұрлық (2015ж - 34) оның 4-уі аяқталған. «Керуен» СОО-да 70 ұрлық жасалды (2015 ж -109) оның 4-уі аяқталды.
Тізімде қалта ұрылары ең көп жүретін орын - «Хан Шатыр» мен «Керуен» екендігін көруге болады. Оның себебін прокуратура өкілдері орталықтарға адамдардың өте көп келуімен байланыстырады.