14 қазан күні республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, түнде оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі.
Жекелеген аймақтарда тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпінде жел болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Мәселен, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғып, түнде және таңертен жекелеген аудандарда тұман байқалады.
Алматы облысының түнде және таңертен кей жерлерінде тұман байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Ақмола облысының жекелеген аумақтарында жолда көктайғақ болатыны болжанады.