01 Тамыз, 2016

Сирияда Ресейдің тікұшағы атып түсірілді

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_54126" align="aligncenter" width="700"]010816-russia Фото: ria.ru[/caption] Сирияның Идлиб провинциясында Ресейдің Ми-8 әскери-көліктік тікұшағын кімдер атып түсіргені әзірге белгісіз. РИА «Новости» ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, тікұшақ Алеппо қаласына гуманитарлық көмек жеткізген соң, Хмеймим авиабазасына қайтып бара жатқан. Бортында 3 экипаж мүшесі және Сириядағы соғысып жатқан тараптарды бітімгерлікке шақыру орталығының екі офицері болған. Дегенмен, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков қаза болғандардың нақты саны белгісіз екенін мәлімдеді. Айта кетейік, Ресей мен Сирия өткен бейсенбі күні Алеппо қаласында бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету шарасын бастаған болатын. Аян ӘБДУӘЛИ