01 Тамыз, 2016

Жоғары сотта департамент басшысы тағайындалды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_54112" align="aligncenter" width="640"]sud.gov.kz sud.gov.kz[/caption] Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми Жоғарғы соттың судьялары мен аппаратына соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің жаңа басшысын таныстырды. Inform.kz-тің хабарлауынша, соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы болып Абай Тоқсаба тағайындалды. Тоқсаба Абай Асанұлы Алматы халық шаруашылығы институтын, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Экономист, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты. Жоғарғы Кеңес аппаратының қаржы-шаруашылық істері басқармасының сектор меңгерушісі, Сенат аппаратының өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің, әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысының орынбасары, ұйымдастыру-бақылау және кадр, редакциялық-баспа бөлімдерінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Айдар ӨРІСБАЕВ