31 Шілде, 2016

2020 жылға қарай жаңа Чемпиондар лигасы болуы мүмкін

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-07-16-football-0

Еуропа футболында 2020 жылға қарай жаңа Чемпиондар лигасы іске қосылуы әбден ықтимал. Life порталының хабарлауынша, Ресей футбол одағы атқару комитетінің мүшесі Анатолий Воробьев испанның және итальянның жетекші клубтары осындай ұсыныс жасап жатқанын мәлімдеген. А.Воробьевтің пікірінше, енді тек Еуропа футбол ассоциациялары одағы мен ұлттық футбол федерацияларының жаңа пішім жөнінде келісімге келулерінің өзіне бірнеше жыл уақыт кетіп қалады. «Келешекте жаңа футбол лигасын құру жөніндегі идея жүзеге асатын болады. Бірақ алдағы екі-үш жылдың ішінде емес, ол 2020 жылға қарай жүзеге асады. УЕФА әзірге жарысты қазіргі пішімінде өткізе береді. Ал алда күнтізбе жөнінде ұлттық футбол федерацияларымен және лигалармен келісіп алу қажет», - деп есептейді Воробьев. Бұдан бұрын Испания мен Италияның ірі футбол клубтарының турнирдің коммерциялық табысы жағын көбейте түсу мақмсатында жаңа Чемпиондар лигасын құру жөнінде ұсыныс білдіріп жатқандары хабарланған болатын. Соның ішінде Чемпиондар лигасындағы командалар санын 16-ға дейін қысқарту жөнінде тармақ болған. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ