31 Шілде, 2016

Премьер-министр жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл төледі

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_54043" align="aligncenter" width="640"]instagram.com/kmassimov Фото: instagram.com[/caption] Кәрім Мәсімов Instagram-дағы  парақшасына велосипедпен түскен фотосын және айыппұл төлегені туралы түбіртегін жариялады. Baq.kz-тің мәліметі бойынша, Премьер-министр велошеру кезінде Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылы маңында суретке түсіп, парақшасына салған. Сондай-ақ ол автомагистральдарда велосипедпен жүруге тыйым салынғандықтан, ҚР Жол қозғалысы ережесіне сәйкес, айыппұл төлегенін де атап өткен. «Заңдар мен ережелер баршаға ортақ. Велосипедтегі Премьер үшін де», – деп жазды Кәрім Мәсімов. Айдар ӨРІСБАЕВ