• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2016

Сенаттың кезекті отырысы – 24 наурызда

339 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының бюросы палатаның 2016 жылғы 24 наурызда болатын отырысының күн тәртібін келісті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Сенаторлар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің теміржолдарын техникалық бүркемелеудің бірыңғай жүйесін құру туралы келісімнің қолданыс мерзімін ұзарту және оған өзгерістер енгізу туралы хаттаманы; Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ, әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімді; Қазақстан мен Аустрия арасындағы жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын талқылайды. Заңнамаға тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарау жоспарланды. Заңнамаға пошта; «жасыл экономикаға» көшу; астық нарығын реттеу; сондай-ақ, экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар екінші оқылымда қаралатын болады.