• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2016

Ықпалдастыққа кедергі болмауы тиіс

185 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орын­басары Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде Еуразиялық эко­но­микалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысына қа­тыс­ты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қыз­меті. Отырыста қаралған мәселе­ле­рінің айтарлықтай блогы Қазақ­стан Республикасының Прези­денті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ­станның ЕАЭО органдарына төр­ағалығы шеңберінде Еура­зиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларына Үндеуінде келтірілген бастамалармен сәйкеседі. ЕЭК Кеңесінің мүшелері ЕАЭО рыногындағы кедергілерді, алуларды және басқа да шектеулерді жою мәселелерін талқылады, орын алып отырған шектеулер мәлі­мет­терінің электронды базасын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Болашақта Одақ мемле­кет­терінің бизнес-қауымдастығы кедергілерді жою жөніндегі жұ­мыс барысымен онлайн режі­мінде танысу мүмкіндігіне ие болмақ. Сондай-ақ, отырысқа қаты­су­шылар өнеркәсіп саласында болашақта еуразиялық техноло­гиялық тұғырнама құру мүмкін­дігін де талқылады, ол мемлекеттің қолда бар инновациялық әлеуетін тиімді пайдалануға, өзара тиімді өнеркәсіптік кооперация үшін негізді қамтамасыз етуге жағдай жасайтын болады.