• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2016

«Болашақ» стипендиясы

218 рет
көрсетілді

Оны тағайындауға құжаттар қабылдау басталады Кеше Білім және ғылым минис­трлігінің «Халықаралық бағ­­дар­ламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов Орта­лық коммуникациялар қызметінің баспасөз залында журналистер­мен кездесіп, «Болашақ» бағдар­ламасымен оқуға түсу үшін ірік­теудің жаңа қағидалары мен санаттарға қойы­латын талаптар туралы баяндады. Ғани Нығметов атап өткендей, 2016 жылғы 11 сәуірде «Болашақ» халықаралық стипендиясын таға­йын­дауға құжаттар қабылдау бас­талады. Құжат қабылдау үш кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезең – 11 сәуір мен 13 мамыр ара­лығы, екінші кезең – 13 маусымнан 29 шілдеге дейін, ал үшінші кезең – 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығын қамтиды. Үміткерлер құжаттарды электронды үкімет веб-порталы, «Аза­маттар үшін үкімет» мемлекет­тік корпорациясы арқылы (бұрынғы ХҚО), немесе өз қолымен «Халық­аралық бағдарламалар орталығы» АҚ-қа тапсыруға болады. Өткен жылғы конкурстық іріктеу тәжі­рибесі бойынша биылдан бас­тап құжаттар тапсыру талаптары жеңіл­детілгені де тілге тиек етілді. Бағдарламаны дамытудың 2016–2020 жылдарға арналған жоспарына сәйкес стипен­дия «Магистратура», «Докторан­тура», «Резидентура» және «Та­ғы­­лымдамалар» бойынша таға­йын­далып, оларға санатына қарай жекелеген талаптар қойылады. Сондай-ақ, Ғани Нығметов конкурстық іріктеуді кеңінен насихаттау және үміткерлерді көптеп тарту мақсатында ақпараттық тү­сіндіру жұмыстары жүзеге асып жатқанын да атап өтті. Соның ая­сында өңірлерде, өнеркәсіптік кәсіп­орындар мен ұйымдарда, ең­бек ұжымдары арасында кездесулер мен брифингтер өткізуде, деді ол. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан».