• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2016

Биыл Өзбекстанда ел тарихындағы ең жылы қыс болды

265 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 наурыз. Биыл Өзбекстанда ел тарихындағы ең жылы қыс болды. Мамандардың айтуынша, қыстағы ауа температурасы жылдың осы мезгіліндегі орташа көрсеткіштен 4,2 градусқа жоғары болған. Бұл туралы gazeta.uz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Узгидрометтің мәлімдеуінше, әсіресе ақпан айында ұзақ уақыт жылы әрі құрғақ ауа райы сақталған. Синоптиктер бұның себебін Ираннан келген жылы және құрғақ ауа ағынымен түсіндіруде. Сондай-ақ, мамандар соңғы 15 жылда ақпан айының ерекше жылы болғанын айтып, бұл құбылыстың қалыпты жағдайға айналып бара жатқанын назарға алды. Биыл ел астанасы – Ташкент қаласында орташа ауа температурасы қалыпты нормадан 5,1 градусқа жоғары болған. Еламан Қоңыр. Дерек: gazeta.uz. Сурет: businesstimes.ru.