• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Мамыр, 2024

Алматыда өртеніп жатқан үйден 4 адам құтқарылды (видео)

65 рет
көрсетілді

Алматыда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден 3 ересек адам мен 1 баланы аман алып шықты, деп жазады Egemen.kz.

16 мамыр, 12:55-те Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне өрт туралы хабар түскен. 

Өрт Медеу ауданы Нүсіпбеков көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйдің екінші қабатында тұтанған. Онда 4 шаршы метрді құрайтын жуыну бөлмесінен өрт шыққаны анықталды. 

Қызыл жалынның түтіні тұтас үйге тарап, тұрғындардың өміріне қауіп төнген.

Өрт сөндірушілер шақырту түскен мекенжайдан өз бетінше сыртқа шыға алмаған 4 ересек пен 1 баланы құтқарды. 

«Құрамында аға инженер Б.Жанұзақ, бөлім командирі И.Арупов, аға өрт сөндіруші-құтқарушы Н.Садыров, өрт сөндіруші Е.Еркінбай, Д.Жусанбаев бар газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшесі төрт адамды құтқарды, олардың бірі бала. Қимыл-қозғалысы шектелген ер адам зардап шеккен жоқ», деп хабарлады Алматы ТЖД.