• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2016

Оралда 9-қабаттан құлап кеткен құрылысшы қаза тапты

274 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 12 қаңтар. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында құрылысшы 9-қабаттан құлап, қаза тапты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға кеше сағат 17:00 шамасында 5-шағын ауданда «Орал» сауда ойын-сауық орталығы маңындағы құрылыс алаңында болған. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қаза тапқан 1986 жылғы құрылысшы «Болашақ-Т» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшысы. Қазіргі таңда бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: rrnews.ru.