• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2016

Ауғанстанда жарылыс ұйымдастырмақ болғандар ұсталды

250 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 қаңтар. Ауғанстанның Кандагар қаласында теракт ұйымдастырмақ болғандардың ізіне түскен құқық қорғау органының қызметкерлері жарылыстың алдын алды. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қақтығыс кезінде, содырлар тобынан 4 адам қолға түсіп, алтауы түрлі жарақат алды. Ал құқық қорғау органының қызметкерлерінен ешкім зардап шеккен жоқ. Айта кетейік, оқиға сейсенбі күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар провинциясына қарасты Горак елді-мекенінде болды. Тәртіп сақшылары ұсталғандардан қару-жарақаттың түр-түрін тәркіледі. Арасында өзін-өзі жарып жіберушілердің белдігі, сондай-ақ, жарылғыш заттарға толы автокөлік бар. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ria.ru.