• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
13 Қаңтар, 2016

Қарағанды облысында далада қалған 50-ге жуық адам құтқарылды

232 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 13 қаңтар. Қарағанды облысының жолдарында далада қалған 50-ге жуық адам құтқарылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жезқазған қаласын басып өтетін «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 493 шақырымында көктайғақтың кесірінен жолаушы автобусы жолдан шығып кеткен. Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің күшімен 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың арасында екі бала бар. Автобус Қарағанды қаласына «№3 Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күшімен жеткізілген. Тағы да бір құтқару операциясы «Қызылорда - Павлодар» жолының 971 шақырымында іске асырылды. Жолдан шығып кеткен жолаушы автобусындағы 6 адам Қарағанды қаласының автовокзалына аман-есен жеткізілді. Сондай-ақ, Ұлытау ауданында «Жезқазған-Петропавл» жолының 142 шақырымында құтқарушылар 13 адам мен көлік техникасын қар құрсауынан құтқарып алды. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: egemen.kz.