• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2016

Шығыс Қазақстанда полиция қызметінің бастығы тағайындалды

419 рет
көрсетілді

ӨСКЕМЕН. 12 желтоқсан. Шығыс Қазақстан облысы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша облыс әкімі Даниал Ахметовтің өкімімен жергілікті полиция бастығы болып, полиция полковнигі Дулат Төлегенұлы Қазақпаев тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Дулат Қазақпаев 1962 жылы Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында дүниеге келген. Ішкі істер органдары жүйесінде 1983 жылдан бері қызмет етіп келеді. 1996-2013 жылдары Бесқарағай ауданы ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 2013 жылдан бері жаңа қызметіне дейін Аягөз аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болып еңбек етті.

Айта кету керек, жаңа құқық қорғау құрылымы ішкі істер департаментінің  түрлі басқармаларында еңбек ететін полиция қызметкерлерінен құрылуда. Оның қызметіне құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті күзету, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзушылықтың жолын кесу және ескерту, қылмыстық істер бойынша хаттама түріндегі сотқа дейінгі тексеру және әкімшілік құқық бұзушылық істерінің өндірісі кіреді. Сондай-ақ ішкі істер жүйесінің бірегейлігі мен орган қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі сақталады.

Жергілікті полиция қызметінің құрамына учаскелік полиция инспекторларының бөлімшелері мен олардың кәмелеттік жасқа толмағандар ісі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, жол-патрульдік полициясы, табиғатты қорғау полициясы, қабылдаушы-бөлушілер және арнайы қабылдаушылар сияқты көмекшілері кіреді. Жергілікті полиция қызметіне кіретін бөлімшелерді материалдық-техникалық жарақтандыру мен қаржыландыру бұрын жергілікті бюджет қаржысы арқылы жүргізілетін. Сондықтан, жаңа полиция қызметінің құрылуы арқылы жергілікті атқарушы органдарға қосымша салмақ жүктелмейтін болды.

Думан Анаш.

Дерек, сурет: egemen.kz