• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
12 Қаңтар, 2016

Теміртауда депутат қамауға алынды

260 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 12 қаңтар. Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «бопсалады» деген күдікпен Теміртау қалалық мәслихатының депутатын қамауға алды. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Депутат Кеңесхан Басқарбаев қаланың 33 жасар тағы бір тұрғынымен бірге бизнесмен әйелді қорқытып, оның Теміртаудағы пәтерін, Украинадағы үйін және «ВАЗ 21214» автокөлігін басқа біреулердің атына мәжбүрлеп жаздыртқан. Жедел-іздестіру шараларының барысында Кеңесхан Басқарбаев пен оның сыбайласы айғақ заттармен қолға түсті. Қазіргі таңда олар уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: egemen.kz.