• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2016

Павлодарда оқушылардың облыстық пән олимпиадасы өтуде (фото)

501 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 11 қаңтар. Облыстық білім беру басқармасы, «Ертіс дарыны» орталығы өңіріміздегі жоғарғы оқу орындары Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университетте, педагогикалық институтта, ИнЕУ-дің ғылыми әдістемелік көмегімен жыл сайынғы оқушылардың облыстық пән олимпиадасын өткізуде. Бұл туралы «Ертіс дарыны» орталығына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Олимпиада орта мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында 15 жалпы білім беру пәндері бойынша сынақ тапсырады. Биылғы оқу жылында облыстық пән олимпиадасына 707 оқушы қатысуда. Облыстық пән олимпиадасына 3 қаладан, 10 ауданнан және дарынды балаларға арналған мамандандырылған 12 мектеп командалары, барлығы 25 команда бар. Құрамы бойынша саны жағынан ең үлкен командалар – «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі, облыс орталығы мектептерінің құрамасы.Аудандар арасында-Баянауыл, Павлодар аудандарының командалары. Олимпиаданың ең көп қатысушылары бар пәндер - ағылшын тілі-79 оқушы, Қазақстан тарихы пәнінен - 70 оқушы және биология пәнінен - 67 оқушы. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Сурет: «Ертіс дарыны» орталығы.