• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2015

Атырауда букмекерлік кеңсені тонағандар ұсталды

331 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 13 наурыз. Атыраудағы «Алмагүл» ықшам ауданында орналасқан букмекерлік кеңсені тонаған деген күдікпен екі адам ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Оқиға 8 наурызда болған. Екі бұзақы букмекерлік кеңсеге кіріп, кассирді қорқыту арқылы 50 мың теңгені алып кеткен. Кассир полицияға 10 наурызда арызданды» деп хабарлады Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова. Оның мәлім етуінше, Атырау қалалық ішкі істер басқармасына қарасты №2 полиция бөлімшесінің қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар 24 және 26 жастағы Атырау қаласының тұрғындары болып шықты. Қазір күдіктілер уақытша оқшаулағышқа қамалды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облыстық ішкі істер департаменті. Сурет: rub90.ru.