Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Депутаттар назарына 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан мен Франция үкіметтері арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы келісімге түзетулерді қарастыратын хаттаманы ратификациялауға қатысты заң жобасы ұсынылады.
Халық қалаулылары құрылыстағы баға белгілеу, сәулет-құрылыс бақылауын, сондай-ақ, объектілерді пайдалануға қабылдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша, сонымен қатар, Каспий теңізінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге түзетулерді көздейтін хаттамаға қатысты екі ратификациялық құжат бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындайды.
Осы күні мәжілісмендер, сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістерді қарайды.
«Егемен-ақпарат».