Наурыз айының соңғы күнінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандығының дара тұлғалары: ерлік пен елдіктің елшісі» атты интеллектуалды олимпиада мәреге жетті.
Алматы қаласы ЖОО студенттері қатысқан олимпиада 5 турдан тұрды.
Тарих саласы бойынша білімдері сыналған қалалық олимпиадаға Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Әуезхан Шашаев бастаған тарихшы мамандар қазылық жасады.
Сайыс қорытындысы бойынша I орынға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Атамекен» командасы ие болды. ІІ орынды Алматы технологиялық университетінің «Хан ордасы» командасы мен С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Ибн-Сина» командасы өзара бөлісті. ІІІ орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жерұйық» командасы мен Алматы университетінің «Ұлы дала қырандары» командасы иеленді. Сондай-ақ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Сұңқар» командасы мен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың «Үш жүз» командалары арнайы марапатталды.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.