Астанада Кенесары көшесі мен А. Сембинов көшесінің қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жөндеу жұмыстарына байланысты 6-7 маусым аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай шектеу қойылады.
Қала тұрғындары мен қонақтары кептеліске тұрып қалмау үшін жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және жолдағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында аталған аумақта уақытша жол белгілері мен бағыт көрсеткіштері орнатылады.