• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Кеше

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адамды шөл қысып қайтыс болды. Олар мінген жүк көлігі ең жақын елді мекен мен су көзінен ондаған шақырым жерде бұзылып қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы жағдай болған аймақ билігінің мәлімдеуінше, бұл адамдар Мали елінен мұсылмандардың қасиетті Құрбан айт (Ид аль-Адха) мерекесінен қайтып келе жатқан.

Жолаушылар Тельхандек тұрағынан шыққан, алайда Нигердің Агадез провинциясы губернаторының айтуынша, олар жолдан адасып, Нигер мен Алжир шекарасындағы Ассамака оазисінен 80 шақырым жерде тұрып қалған. Бұл аймақта ондаған шақырым бойы ешқандай елді мекен жоқ.

Мьянмада болған жарылыстан кемінде 55 адам қаза тапты

Жүргізуші мен жолаушылар жүк көлігін өз күштерімен жөндеуге тырысқанымен, одан ештеңе шықпаған. Жергілікті билік бұл қайғылы жағдай туралы Ассамака оазисіне жаяу жеткен екі адамның арқасында білген. 

«Сусыз қалған және көлікті жөндей алмаған адамдар тірі қала алмады. Қозғалыссыз тұрған жүк көлігінің астынан және оның айналасынан ондаған мәйіт табылды», делінген губернатордың ресми мәлімдемесінде.

Түркияда жолаушылар автобусы өртеніп, 8 адам қаза тапты

Құтқарушылар қаза тапқандарды ортақ қабірге жерледі. Қайтыс болғандардың барлығы – Нигер азаматтары.

«Жергілікті билік өкілдері мен қоғамдық ұйымдар бұған дейін де жүргізушілер мен саяхатшыларға шөлді кесіп өтудің қауіп-қатерлерін жылдап түсіндіріп келе жатқанын айтады. Мұндай қайғылы оқиғалар әсіресе Ливия немесе Алжирге апаратын жолдарда жиі кездеседі», дейді жергілікті қоғамдық ұйым жетекшісі Шехуо Азизу.

Соңғы жаңалықтар