• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 14:05

Еңбек министрлігі: Жеткіліктілік шектерін көтеру болашақ зейнетақыны қорғауға бағытталған

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануға арналған ең төменгі жеткіліктілік шектерінің өсуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады. Ведомствоның түсіндіруінше, бұл қадам ел азаматтарының болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзгерістер салымшының қазіргі жасын ғана емес, оның зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңін, болашақ зейнетақы төлемдерін, инвестициялық кірісті және өзге де ұзақ мерзімді факторларды ескеретін неғұрлым дәл есептеу әдістемесін енгізуге байланысты қабылданды.

Министрлік зейнетақы жинақтарының қарапайым депозит немесе күнделікті шығындарға жұмсалатын қаржы көзі емес екенін ескертеді. Оның басты міндеті – азаматтарды зейнет жасында тұрақты табыспен қамтамасыз ету.

Бүгін жинақты мерзімінен бұрын пайдалану ертеңгі зейнетақы төлемдерінің көлеміне тікелей әсер етуі мүмкін.

Зейнетақы жинағының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға беру қаншалықты тиімді?

Жеткіліктілік шектері соңғы үш жыл ішінде қайта қаралмаған. Сондықтан оларды жаңарту зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет болды.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін балама мақсаттарға (тұрғын үй мен емделу) пайдалану мүмкіндігі толық жойылған жоқ, ол әлі де сақталады.

Зейнетақы мөлшері бұрынғы табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер тұрғын үй мен емделу қажеттіліктері үшін жинақтарының 50%-ына дейін пайдалана алады.

Мемлекеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын азаматтар зейнетақы шотындағы қалған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығына ие.

Еске сала кетейік, бүгін зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектері жарияланды.

Соңғы жаңалықтар