• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Инфрақұрылым Бүгін, 10:11

Жаңартылған Балқаш әуежайы алғашқы рейстерін қабылдады

Балқаш қаласында толық реконструкциядан кейін қайта ашылған әуежай алғашқы рейстерді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Карағанды облысы әкімдігінің хабарлауынша, әуежайда жаңа ұшу және қону залдары пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта Vietjet Qazaqstan әуе компаниясы Астанадан күнделікті рейстер орындаса, SCAT әуе компаниясы Алматы бағыты бойынша аптасына алты рет қатынайды.

Мемлекеттік субсидиялау есебінен қаржыландырылған билеттердің құны екі бағыт бойынша да шамамен 16 мың теңгені құрайды.

«Әуежайды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілді. Қаражаттың 90 пайызы республикалық бюджеттен бөлінді, оның бір бөлігі – қайтарылған активтер. 1960-шы жылдардағы ғимарат өте әдемі сәулетпен салынған. Біздің басты міндетіміз оның тарихи келбетін сақтап қалу және сонымен бірге ішкі жайларын толық жаңғырту болды. Енді әуежай заманауи талаптарға жауап береді», деді көлік және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Мұқашев.

Әуежайда рулеждік жол мен перрон жаңартылып, арнайы техникалық қызмет көрсету ғимараты салынған. Сондай-ақ 10 бірлік аэродром техникасы сатып алынған.

Қосшы, Қарағанды әлде Павлодар: Астананың екінші әуежайы қай бағытта салынуы мүмкін?

Қазіргі уақытта нысан сағатына 80 жолаушыны қабылдап, қызмет көрсете алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Кендірлідегі әуежайдың қашан ашылатынын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар