Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуге тиіс. Алматы облысы прокуратурасы білім беру саласында балалардың құқықтарының бұзылуын анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тексеру нәтижесінде облыстың 70-тен астам мектебінде (Еңбекшіқазақ ауданы – 45, Талғар – 7, Жамбыл – 5, Ұйғыр – 14, Қарасай – 4, Қонаев қаласы – 9) аталған талаптардың сақталмағаны анықталып отыр.
Астанада балаларды қорғау күніне орай 100-ге жуық іс-шара өтеді
Нәтижесінде 1 101 бала мемлекеттік қолдаудың бұл түрімен қамтылмаған.
«Прокурорлық қадағалау актілері бойынша балалардың құқықтары қалпына келтіріліп, барлық оқушылар тиісті тамақпен қамтамасыз етілді, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.
Жалпы осы жылдың басынан бері облыс прокуратурасымен 30 мыңға жуық баланың құқықтары мен заңды мүдделері қорғалған.
Бұған дейін жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі қалай қорғалатыны туралы хабарлағанбыз.