• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 19:39

Қазақстандық теннисшілер «Ролан Гаррос» бәсекесіндегі  қарсыластарын анықтады: Рыбакина кіммен бақ сынайды

Қазақстан теннисшілеріне «Ролан Гаррос» – 2026 бәсекесінде қарсылас атанған ойыншылардың есімі анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Парижде өтетін «Ролан Гаррос» - 2026 Үлкен дулыға турнирінің жеребесі тартылды. Оның қорытындысы бойынша турнирдің бастапқы ойындарында төрт теннисшіміз өнер көрсетеді. Олар Елена Рыбакина, Александр Бублик, Юлия Путинцева және Александр Шевченко.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гарростағы» алғашқы айналымда Словениялық Вероника Эръявецпен бақ сынайды.

Юлия Путинцева бірінші кездесуін Австралиялық Талия Гибсонмен өткізеді.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Парижде тәжірибелі теннисші неміс Ян-Леннард Штруфқа қарсы ойнайтын болады.

Александр Шевченко болса турнирдің басында америкалық Алекс Микельсенмен сынға түседі.

«Ролан Гаррос» - 2026 турнирі өз тарихындағы ең қымбат турнир болғалы тұр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 72,8 млн долларды құрайды. Біздің валютаға шаққанда бұл 34 млрд теңгеден асады. Өткен маусыммен салыстырғанда бұл сома шамамен 9,5 миллион долларға өскен.

Айта кетейік, теннис турнирі Франция астанасында 18 мамырдан 7 маусым аралығында өтеді. Теннисшілер топырақты кортта кімнің мықты екенін анықтайды.

Соңғы жаңалықтар