• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тұлға Бүгін, 21:51

Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты рәсімдер өтетін орындар анықталды

40 рет
көрсетілді

Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өмірден өткені мәлім. Қаралы хабарға байланысты марқұммен қоштасу және жерлеу рәсімдерінің уақыты мен орны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

20 сәуір күні сағат 19:00-де Алматы қаласында «Жұлдыз» мейрамханасы ғимаратында (Гоголь көшесі 40) қонақасы беріледі.

Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Ал 21 сәуір күні сағат 9:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында халықпен қоштасу рәсімі өтеді.

Жазушылар Одағының мәліметінше, жаназа рәсімі 22 сәуір күні сағат 10:00-де Түркістан облысына қарасты Отырар ауданының Жаңа Шілік ауылы аумағында оқылады. Одан кейін сағат 11:00-де Қоғам ауылдық зиратында жерлеу рәсімі өтеді.

Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды

Сол күні сағат 12:00-де Отырар ауданының Шәуілдір ауылындағы «Жұлдыз» мейрамханасы ғимаратында ас беріледі.

Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді

Соңғы жаңалықтар