• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тұлға Бүгін, 18:24

Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді

50 рет
көрсетілді

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 84 жасында өмірден өтті. Қаралы хабардан кейін ел ішінде ақынның соңғы аманатына қатысты түрлі пікір айтылып, оның қайда жерленетіні қоғам назарын аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

19 сәуір күні өмірден озған қаламгердің жары Ханшайым Шаханованың әлеуметтік желіде тараған хатына сәйкес, ақынның соңғы тілегі – өзін Арыстан баб кесенесінің маңына жерлеу болған. Алайда кейін белгілі болғандай, Мұхтар Шаханов 21 сәуір күні Алматы қаласындағы Кеңсай зиратына жерленеді.

Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл мәселеге қатысты қоғамда әртүрлі көзқарас қалыптасып, бірқатар белсенділер өз пікірін білдірді. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ресми түсініктеме берді.

Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды

Министрдің айтуынша, Арыстан баб кесенесі – бүгінде тек зиярат орны ғана емес, мемлекет қорғауындағы тарихи-мәдени мұра және туристік нысан. Сондықтан оның аумағында жаңа зираттар қазу орынсыз.

«Бүгінде Арыстан баб кесенесі де, оны қоршаған ескі қорым да мемлекеттің қорғауындағы нысандар. Иә, бұрын зиярат ететін жер болса, қазір бұл – тарихи мұрамыз. Арыстан баб пантеон-зираты емес, ол ең алдымен үлкен мәдени-рухани орталық, туристік бағытқа енген тарихи-мәдени нысан. Сондықтан ол жерге жаңа зираттар қазу адами тұрғыдан да, діни тұрғыдан да дұрыс емес деп санаймыз», деді Аида Балаева azattyq-ruhy.kz сайтына берген пікірінде.

Сонымен қатар министр Мұхтар Шахановтың тұлға ретінде қалыптасуына Алматы қаласының ерекше ықпал еткенін атап өтті. Оның сөзінше, ақынның шығармашылық ортасы мен зиялы қауым шоғырланған қала – Алматы, ал Кеңсай зираты – көптеген көрнекті тұлғалар мәңгілік тыныс тапқан орын.

«Ақынның артынан іздеп, дұға жасайтын жамағат ұлыларын Кеңсайдан табады. Туыстары да бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенеміз», деді ведомство басшысы.

Осылайша, қоғамда талқыланған мәселеге нүкте қойылып, ақынның жерлеу рәсімі белгіленген тәртіп пен заң шеңберінде жүзеге асатыны нақтыланды.

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті

Соңғы жаңалықтар