Меркі ауданының прокуратурасы №9 колледжде кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуына талдау жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тексеру барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға тиесілі әлеуметтік жәрдемақылар толық төленбегені белгілі болды. Сонымен қатар оларды ұйым қаражаты есебінен сауықтыру орындары мен лагерьлерге тегін жіберу мәселесі де қаралмаған.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде оқушыларға тиесілі барлық әлеуметтік төлемдер толық көлемде берілді.
Базадағы қателік: Абай облысында жетім баланы баспанасыз қалдырды
Бұдан бөлек, балаларды жазғы еңбек лагерьлері мен санаторий-курорттық мекемелерге жолдамамен қамту жұмыстары қолға алынды.
Аталған заңбұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.