Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес әр жүргізушінің көлігінде міндетті қауіпсіздік жиынтығы болуы тиіс. Бұл талаптар жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ережеге сәйкес, әр автокөлікте мына үш негізгі құрал болуы қажет:
өрт сөндіргіш; алғашқы медициналық көмек қобдишасы; апаттық тоқтау белгісі.Бұл заттардың жарамды күйде болуы да маңызды. Мерзімі өткен немесе істен шыққан құралдар есептелмейді және заңбұзушылық ретінде қарастырылады.
Аталған талаптарды орындамаған жүргізушілерге ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. Айыппұл көлемі – 5 АЕК, яғни 2026 жылы шамамен 21 625 теңгені құрайды.
Жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді
Медициналық қобдиша ішінде жарақат кезінде алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралдар болуы тиіс. Олардың ішінде дәке, антисептик, қан тоқтатқыш жгут, медициналық пластырь және басқа да медициналық заттар бар. Қобдишаның орташа жарамдылық мерзімі – 4-5 жыл. Мерзімі өткен жағдайда оны толық немесе ішінара жаңарту қажет.
Жеңіл көліктерде кемінде 2 литрлік өрт сөндіргіш болуы тиіс. Оның жарамдылығы, қысымы мен пломбасы міндетті түрде тексеріледі. Орташа есеппен техникалық тексеріс 1-2 жыл сайын жүргізіледі.
Өрт сөндіргіштің ұнтақты және хладонды түрлері кең таралған. Ұнтақтысы арзан әрі әмбебап болса, хладондысы заманауи көліктер үшін қауіпсіздеу саналады.
Апаттық тоқтау белгісі жарық шағылыстыратын, зауыттық үлгіде болуы тиіс. Одан бөлек, кей жағдайда сүйреткіш арқан, көтергіш құрал және қосалқы дөңгелек те тексерілуі мүмкін.
Оралда көлігіне қағаздан жасалған жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды
Бұған қоса қыста – күрек, мұз қырғыш, құм, жазда – су, қуаттағыш құрылғы, күннен қорғайтын заттар, алыс жолда қосымша жанармай, стартер-қуаттағыш және қосалқы медициналық қобдиша алып жүру ұсынылады.
Заң бойынша көлікті тексеру тек негіз болған жағдайда немесе жүргізушінің келісімімен жүргізіледі. Жүксалғышты ашу – процессуалдық рәсім, ол куәгерлер немесе бейнежазба арқылы рәсімделуі тиіс.