• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:42

Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды

30 рет
көрсетілді

Ақтау қаласында жеке бейнематериалдың заңсыз таралуына қатысты оқиға тіркеліп, полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі болғандай, жергілікті блогерлер құқық қорғау органдарына жүгініп, WhatsApp мессенджері арқылы жеке пайдалануға арналған бейнежазбаларының рұқсатсыз таралғанын хабарлаған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 147-бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол қала тұрғыны және кәмелетке толмаған жасөспірім екені белгілі болды.

Алматы прокуратурасы блогер Әділетхан Молдаханның ісіне қатысты пікір білдірді

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция азаматтарға жеке, құпия сипаттағы материалдарды иесінің келісімінсіз тарату заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Соңғы жаңалықтар