Мемлекет басшысы ұлт перзенті, аса көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске салайық, бұған дейін қазақтың ақыны, жазушысы Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатқанын жазған едік.
20 сәуірге қараған түні Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті.