• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 10:15

АҚШ-тың Луизиана штатында болған атыстан 8 бала көз жұмды

20 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Луизиана штатында болған қайғылы оқиғадан 8 бала көз жұмды. Тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 19 сәуір күні таңғы уақытта Шривпорт қаласында тіркелген. Белгісіз ер адам бірнеше жерде – бір кварталда орналасқан екі үйде және жақын маңдағы тағы бір үйде оқ атқан.

Қаза тапқан балалардың ең кішісі – 1 жаста, үлкені – 14 жаста. Алдын ала мәліметтер бойынша, құрбандардың кейбірі қылмыскердің туыстары болып шықты.

Астанада пәтерден шыққан өрттен үш бала қаза тапты

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, оқиғадан кейін шабуыл жасаған адам көлік ұрлап, қашуға әрекеттенген. Алайда полиция оны ұстау барысында атып өлтірген.

Шривпорт қаласының мэрі Том Арсено бұл жағдайды қала тарихындағы ең ауыр трагедиялардың бірі деп атады.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар