• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 09:12

Бағланова атындағы байқау

20 рет
көрсетілді

Қазақ өнерінің көгінде тағы бір жарқын жұлдыз жануға әзір. Дәстүр мен жаңашылдықты тоғыстырған, рух пен шеберлікті таразыға салған халықаралық вокалдық байқау – Роза Бағланова атындағы өнер додасы биыл да кең тыныспен қанат жайды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қол­да­уы­мен өтіп жатқан айтулы жоба екінші жыл қатарынан өнерсүйер қауымның назарын өзіне аударып отыр. Биылғы байқауға 150 үміткердің өтінім беруі – соның айқын дәлелі. Бұл – тек санның көрсеткіші емес, сапаның, сенім­нің һәм шығармашылық бәсеке­нің жаңа белеске көтерілгенінің көрінісі.

Байқау шекара талғамайды. Қазақ даласынан бас­тау алған әуезді өнер додасына Түркия, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен де талантты жастар үн қосып, өнердің ортақ тіл екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр. Сәуірдің 8-інде өтінім қабылдау кезеңі тәмамдалып, қазір қатысушылар іріктеу сынынан өтіп жатыр. Онлайн форматта өтіп жатқан алғашқы кезең – талант пен дайындықтың сыналар шағы. Бұл кезеңде әрбір қатысушының дауыс мүмкіндігі ғана емес, сахна мәдениеті, орындаушылық шеберлігі де жан-жақты сарапқа салынады. Ал мамырдың 13-інде өтетін офлайн кезең – нағыз өнер мерекесіне айналмақ. Іріктеуден сүрінбей өткен үміткерлер үлкен сахнада бақ сынап, көрермен жүрегін баурауға тырысады. Байқаудың шешуші кезеңі – 14 мамыр. Осы күні өтетін Гала-концертте жеңімпаздар есімі жарияланып, үздіктердің өнері көпшілікке жол тартады.

Айтулы жоба – ұлттың рухани мұ­ра­сын ұлықтайтын, Роза Бағланова сын­ды дара тұлғаның өнердегі өлмес ізін кейінгі буынға аманаттайтын тағы­лымды алаң. Халық қаһарманының есі­­мі­мен аталуының өзі байқаудың маз­­мұнын тереңдетіп, маңызын артты­ра түседі. Өнердің өрісін кеңейтіп, та­лан­т­тың тамырын тереңге тартқан бұл бас­тама – ұлттық мәдениеттің ме­ре­йін өсіретін маңызды қадам. Бай­қау­ды ұйым­дастырып отырған «Қазақ­кон­­церт» ұжымы осы арқылы жас да­­­рындарға үлкен мүмкіндік ұсынып отыр.

Соңғы жаңалықтар