• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 14:18

Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан командалар анықталды

20 рет
көрсетілді

УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойындары аяқталып, жартылай финалға жолдама алған төрт клуб анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мадридте жергілікті «Реалды» 2:1 есебімен ұтқан «Бавария» Альянц Аренада өздерінің мықтылығын мойындатты. Сан алуан голдар соғылған бәсекеде мюнхендіктер 4:3 есебімен басым түсті. Қонақта бір ғана доп айырмашылығымен жеңіске жеткен «Арсенал» Лондонда «Спортингпен» тең ойнады – 0:0. Соның өзі ағылшындарға келесі кезеңге жету үшін жеткілікті болды. Ал оның алдында Мадридің «Атлетикосы» «Барселонаны», ПСЖ «Ливерпульді» жолынан ығыстырған еді.

Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» португалиялық «Бенфикадан» басым түсті

Енді жартылай финалда ПСЖ мен «Бавария», «Атлетико» мен «Арсенал» кездеседі. Бұл бәсекелер 28 бен 29 сәуірде өтсе, қарымта матчтарды 5 пен 6 мамырда тамашалаймыз.   

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» биылғы маусымда қанша табыс тапты?

27 сәуірде Самоаның астанасы – Апиада ауыр атлетикадан Universal Weightlifting Cup турнирнің шымылдығы түріледі.

Соңғы жаңалықтар