23 сәуірде елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күні атап өтіледі. Осыған орай елдің барлық өңірінде кітап оқу мәдениетін арттыруға және зияткерлік әлеуетті дамытуға бағытталған кітап апталығы бастау алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Апталық аясында ел аумағында 1 500-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған.
Бағдарлама келесі күндерді қамтиды:
16 сәуір – «Артық білім кітапта…»; 17 сәуір – «Сөз өнеріндегі өлкетану»; 18 сәуір – «Кітапхана түні» акциясы; 19-20 сәуір – «Weekend. Book. Vibes»; 21 сәуір – «Кітап. Тарих. Шежіре»; 22 сәуір – «Кітап – достық амбассадоры»; 23 сәуір – Ұлттық кітап күні.Астанада халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді
Рухани апталықта елімізде кітап фестивальдері, ашық есік күндері, жәрмеңкелер, кітап оқу марафондары, сондай-ақ баспалар мен кітап дүкендері бірлесіп түрлі іс-шаралар өткізеді. Сондай-ақ кітапханаларда келушілер үшін тақырыптық көрмелер, таныстырылымдар мен түрлі бағдарламалар ұйымдастырылып, кітапқа деген қызығушылықты арттыруға және оның қоғамдағы орнын нығайтуға ерекше мән берілмек.
2026 жылы Қазақстанда балаларға арналған 42 мың дана кітап жарық көреді
Нұрболат АМАНБЕК