Америкалық автосаяхатшы әрі блогер Connor (@camperghini) Қазақстанға халықаралық автотур аясында келді. Алматыда оны «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қарсы алып, қаланың басты туристік нысандарын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Блогер сапар барысында Алматының ең танымал орындарын аралады. Атап айтқанда, Вознесенский кафедралды соборы, Шымбұлақ тау курорты, Медеу биік таулы мұз айдыны, Көк-Төбе секілді көрнекті жерлерде болды. Сондай-ақ бағдарлама аясында өңірдің этномәдени мұрасы мен туристік инфрақұрылым нысандарымен танысты.
Алматы туризмі Сеулде насихатталды
Алматымен шектелмей, Connor Алматы облысындағы бірқатар туристік бағыттарға да барды. Автотур кезінде ол Шарын шатқалында болып, Қазақстанның табиғи көрікті жерлері туралы фото және бейнежазба дайындады.
«Қазақстанның Туризм министрлігіне қолдау көрсеткені үшін үлкен алғыс айтамын. Әсіресе Талғаттың еңбегін атап өткім келеді, ол бүкіл турды жоғары деңгейде ұйымдастырып, сапарды барынша жайлы әрі қызықты етті. Өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайды. Кәсіби шаңғышы болмаса да, бізбен бірге бағыттың барлық кезеңінде қатар жүріп, әрдайым қолдау көрсетті», деді блогер өз видеосында.
Мотоциклмен 170 елді аралаған саяхатшы референдумда дауыс берді