• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:53

Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт: Зардап шеккен әйелдің жағдайы қалай?

40 рет
көрсетілді

12 сәуірге қараған түні Астанадағы Есіл ауданы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде өрт шыққан. Тілсіз жау салдарынан 3 бала қайтыс болып, әйел ауруханаға жеткізілген еді, деп жазады Egemen.kz. 

Дәрігерлер науқас әйелдің жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Дәрігерлердің айтуынша, 39 жастағы әйел жедел жәрдеммен медициналық мекемеге жеткізілгенде денесінің 50-55%-ын күйік шалғаны анықталған. 

Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты

«Науқастың II–III АБ дәрежелі термиялық күйік, термоингаляциялық зақымдану және II-III дәрежелі күйік шогын алғаны анықталды. Науқас шұғыл түрде арнайы палатаға жатқызылып, травматолог, реаниматолог, ЛОР дәрігері және токсиколог мамандардың қарауынан өтті. Кейін жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды», деді №1 көпсалалы қалалық аурухананың травматолог дәрігері Марат Сәбіров.

Әкімдік зардап шеккен әйелге және қаза тапқандардың отбасына қажетті жан-жақты көмек көрсетілетінін хабарлады.

 

 

Соңғы жаңалықтар