• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 11:48

Қажылық сапары: Ел азаматтары үшін қауіпсіз әуе бағыттары ұйымдастырылады

40 рет
көрсетілді

Қазақстан қажылық миссиясы және қажылық сапарын ұйымдастыруға рұқсат алған 14 туроператор басшыларының қатысуымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) алаңында арнайы жиын өтті. Жиынға қатысушылар 2026 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.

Биыл қажылық сапары 15 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді. ҚМДБ мәліметінше, маусым кезінде қажыларды тасымалдау жұмыстарын конкурстық негізде Air Astana және SCAT, сондай-ақ саудиялық Flyadeal әуекомпаниялары жүзеге асырады. Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан шыққан рейстер тікелей Джидда мен Мәдина қалаларына бағытталады. Қажылардың елге қайту сапары да осы екі қаладан кезең-кезеңімен жоспарланған. Осылайша, қажылық маусымын отандастарымыз үшін барынша қолайлы, қауіпсіз және жоғары деңгейде ұйымдастыру көзделіп отыр. 

Астанада қажылық сапарды желеу еткен алаяқ ұсталды

Сондай-ақ жиын барысында қажылардың Қазақстан аумағынан тиісті туркодпен шығуы, вакцинация мәселесі, қажылық барысында Сауд Арабиясының заңдарын орындау, Қазақстандық квотамен шетел азаматтарын апармау мәселесі де талқыланды. Аталған мәселелерге қатысты қажылықты ұйымдастыруға рұқсат алған отандық 14 туроператор өкілдері ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салды.

 

 

Соңғы жаңалықтар