Кеше Астанадағы «Барыс-Арена» спорт кешенінде Ұлттық лига командалары арасындағы волейболдан әйелдер арасындағы ел чемпионатының плей-офф матчтары өтті. Маусымның шешуші ойындары жанкүйерлерге тартысты кездесулер мен жарқын эмоциялар сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
5-8 орындар үшін ойындар: «Ақтөбе» командасы «Астананы» 3:0 есебімен (25:21, 25:11, 25:18) жеңді. Ал «Буревестник Алматы» «Қарағандыны» 3:0 есебімен (25:21, 25:17, 25:19) ұтты.
3-4 орын үшін матч: «Тұран» мен «Берел» арасындағы қола медаль үшін өткен тартысты кездесу 3:2 есебімен «Тұранның» пайдасына аяқталды (19:25, 22:25, 25:21, 25:23, 15:7).
Бұл матч маусымның шарықтау сәттерінің бірі болды. Алғашқы екі партияда «Берел» басымдық танытқанымен, кейін ойын барысы өзгерді. Үшінші партиядан бастап «Тұран» белсенділігін арттырып, қарсыластың шабуылдарын тежей бастады. Тәжірибелі ойыншы Елена Самойленконың тордағы сенімді ойыны шешуші рөл атқарды.
Төртінші партияда да тартыс жоғары деңгейде өтті, алайда соңғы сәттерде «Тұран» ойыншылары жинақылық танытты. Ал тай-брейкте «Тұран» 7:0 есебімен қарқынды бастама жасап, жеңісті өз қолынан шығармады. Нәтижесінде команда маусымның қола жүлдегері атанды.
Матчтың үздік ойыншылары:– Александра Мещанинова («Тұран»)– Юлия Дымар («Берел»)
Жарыстан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Қаржы министрі, Қазақстан волейбол федерациясының президенті Мади Төкешұлы Тәкиев, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Ұлттық банктің бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев, Қазақстан волейбол федерациясының бірінші вице-президенті Арман Қабесов және «Қаржы орталығы» АҚ төрағасының орынбасары Хамит Құнарбаев қатысты.
Волейболдан Қазақстан чемпионатының плей-офф матчтары «Барыс Аренада» өтеді
Символикалық құрама (2025/2026 маусым): – Байланыстырушы: Дарья Шаргородская («Жетісу») – Диагональ: Анет Альфонсо Бенитес («Қуаныш») – Қабылдаушылар: Сана Анарқұлова («Қуаныш»), Иывен Мяо («Жетісу») – Ортаңғы блоктаушылар: Валерия Якутина («Жетісу»), Елена Самойленко («Тұран») – Либеро: Сабира Бекешева («Қуаныш») – MVP: Мария Фролова («Жетісу»)
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Қорытынды турнирлік кесте:
«Жетісу» (Талдықорған) «Қуаныш» (Петропавл) «Тұран» (Түркістан) «Берел» (Өскемен) «Буревестник Алматы» (Алматы) «Ақтөбе» (Актөбе) «Қарағанды» (Қарағанды облысы) «Астана» (Астана)